ПОИСК

СУБЪЕКТІНІҢ ӨЗІНІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМІ

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мен «ММС Қаз» ЖШС-ға (БСН: 110940001756, орналасқан жерінің мекенжайы: 050004, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53-үй, «Абылай Хан Плаза» бизнес орталығы, 6-қабат), «ММС Қаз» ЖШС-ның жалғыз қатысушысына және серіктестеріне, сондай-ақ Mitsubishi компаниясының ресми дилерлеріне және Mitsubishi Corporation-мен, Mitsubishi Motors Corporation-мен үлестес компанияларға тегі; аты әкесінің аты; туған жылы; айы, күні және жері; мекенжайы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы, берілген күні мен берген орган); тіркелген және тұрғылықты мекенжайы, білімі, мамандығы, жұмыс орны мен лауазымы; үй, жұмыс және мобильді телефоны; электрондық поштасының мекенжайы, сатып алынған/қызмет көрсетілетін автокөліктің моделі, автокөліктің мемлекеттік нөмір белгісі, VIN, автокөліктің жүрісі, автокөлікті сатып алу/қызмет көрсету және жөндеу тарихы (соның ішінде автокөлікті сатып алған/оған қызмет көрсеткен күн, орын, жасалған жұмыстардың, ауыстырылған бөлшектердің тізбесі), сақтандыру тарихы (өңдеуге келісім берілетін дербес деректердің тізбесі) сияқты дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, пайдалануға, иесіздендіруге, таратуға және трансшекаралық беруге өзімнің шартсыз келісімімді беремін. Дербес деректермен жасауға келісім берілетін әрекеттердің тізбесі: дербес деректерді жинау, жазу (соның ішінде магниттік/электрондық тасымалдаушыға жазу), жүйелеу, жинақтау, сақтау (электрондық және/немесе қағаз тасымалдаушыда), нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (дербес деректерді тарату, ұсыну, оған қол жеткізу, трансшекаралық беру), иесіздендіру, бұғаттау, өшіру, жою.


Бұл ретте менің дербес деректерімді жинау, өңдеу, пайдалану, иесіздендіру, тарату, жою және трансшекаралық беру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен және әртүрлі байланыс құралдары арқылы, қоса алғанда, бірақ шектелмей: пошта, sms-тарату, электрондық пошта, телефон, интернет көмегімен тікелей байланысу арқылы қызығушылық тудыруы мүмкін тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты, ақпараттық және жарнамалық материалдарды ұсына алуға байланысты мақсатта, сондай-ақ статистикалық ақпаратты, соның ішінде жалпыға қолжетімді дереккөздерден жинау және өңдеу және маркетингтік зерттеу жүргізу мақсатында жүргізілуге тиіс. «ММС Қаз» ЖШС дербес деректердің құпиялылығының сақталуын қамтамасыз еткен жағдайда, сондай-ақ ұсынылған ақпаратқа қатысты құпиялылықты оның уәкілетті тұлғалары мен контрагенттерінің сақтауын қамтамасыз еткен жағдайда, осы келісім беріледі. Мен дербес деректерді жоғарыда аталған шарттарға сәйкес өңдеуге келісімімді 15 (Он бес) жылға беремін. Осы арқылы мен Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңымен өзіме берілген құқықтар туралы ақпараттың берілгенін, осы келісім (дербес деректерімді әрі қарай өңдеуге келіспеген жағдайда) «ММС Қаз» ЖШС-ның мекенжайына хабарламаны жазбаша түрде жіберу/табыстау арқылы кері қайтарып алынатыны маған түсінікті екенін растаймын (дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарламаның нысаны https://www.mitsubishi-motors.kz/docs/pdp_recall.doc мекенжайында орналастырылған).


Осы арқылы мен дербес деректерді өңдеуге келісім бере отырып, өзімнің Қазақстан Республикасының аумағында екенімді, «ММС Қаз» ЖШС-ның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызмет атқаратыны, «ММС Қаз» ЖШС-ның және Mitsubishi ресми дилерлері ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің Қазақстан Республикасының аумағында алуға қолжетімді екені туралы білетінімді растаймын.

 

Заказать обратный звонок