ПОИСК

MAP ЖОЛДАҒЫ КӨМЕК

Mitsubishi автокөлігінің иесі біздің автокөліктердің жоғары сенімділігінің арқасында, сонымен қатар Mitsubishi Motors Assistance Package (MAP) жолдағы арнайы техникалық көмек бағдарламасының арқасында өзін жайлы сезіне алады.

Егер жол-көлік оқиғасы, бензинмен қиындықтар болған, вандализм жасалған, автокөлігіңіз кенеттен бұзылып қалған кезде немесе басқа да күрделі жағдайларда сізге көмек қажет болса – келесі телефон нөмірі арқылы бізге хабарласыңыз

8 800 555 76 53— Ресей бойынша қоңырау шалу үшін,

8 820 007 30 053 — Беларусь Республикасы бойынша қоңырау шалу үшін

8 800 070 28 36— Қазақстан бойынша қоңырау шалу үшін,

+7 495 212 21 55 / +7 495 646 92 95— шетелден қоңырау шалу үшін.

Телефон нөмірлері сіздің МАР картаңызда/стикеріңізде де көрсетілген.

Біз қажетті көмекті ұйымдастырамыз және сізге сапарыңызды тезірек қайта жалғастыруыңыз үшін ең оңтайлы шешімді ұсынатын боламыз.

Жағдайға байланысты біз сізге келесі қызмет түрлерін көрсетеміз: 1

  • Тұрған жерде техникалық көмек және жөндеу.
  • Эвакуация. МАР бағдарламасы бойынша тегін сүйреп жеткізетін максималды қашықтық: бағдарламаға кіретін және Mitsubishi автокөліктерінің дилерлік орталығы орналасқан қаладан 150 км;
  • Егер автокөлік түнде немесе демалыс күндері бұзылса және автокөлікті Mitsubishi автокөліктерінің ресми дилеріне жеткізу мүмкін болмаса, автокөлікті жауапты сақтау.
  • Шұғыл хабарлар жіберу.
  • Ақпараттық қызметтер.
  • Заңгерлік немесе медициналық кеңес алуға көмектесу.

Қосымша қызметтер:

  • Такси. Жөндеу орнынан үйіңізге дейін такси ұйымдастыру және ақысын төлеу (50 км-ге дейінгі қашықтыққа).
  • Сапарды басқа көлік түрлерімен жалғастыру.
  • В класты уақытша пайдалану автокөлігі. Егер автокөлігіңіз үйіңізден 150 км-ге дейінгі қашықтықтағы ресми дилерге эвакуацияланған болса, біз сізге 2 күн мерзіміне уақытша пайдалану автокөлігін ұсынамыз. Егер автокөлігіңіз үйіңізден 150 км-ден асатын қашықтықтағы ресми дилерге эвакуацияланған болса, біз сізге 5 күнге дейінгі мерзімге (жөндеу жұмыстарының мерзіміне байланысты) уақытша пайдалану автокөлігін ұсынамыз.
  • Қонақ үйге орналастыру (үш жұлдыз санатты, таңғы асты қосқанда ең көбі 4 тәулікке).

МАР бағдарламасының қолданысMitsubishi автокөліктерінің ресми дилерлік орталығынан жаңа Mitsubishi автокөлігін сатып алған күннен бастап жылды құрайды.2

Автокөлігіңізге арналған MAP бағдарламасының қолданыс мерзімін тексеріңіз:

МАР ҚОЛДАНЫЛУ АУМАҒЫ

Австрия, Албания, Андорра, Бельгия, Болгария, Босния и Герцеговина, Ватикан, Великобритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Казахстан, Кипр, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Монако, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Респ. Сан-Марино, Республика Беларусь, Республика Казахстан, Россия, Румыния, Сербия и Черногория, Словакия, Словения, Турция, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония.






1С точным перечнем оказываемых услуг Вы можете ознакомиться по телефону 8 800 070 28 36 или здесь.
2Информация действительна по состоянию на 01.10.2022 г.

Заказать обратный звонок

Eclipse Cross

Eclipse Cross

ASX

ASX

L200

L200

Выберите модель